Басына кірпіш құлаған адам ауруханаға жеткізілді

919

Басына кірпіш құлаған адам ауруханаға жеткізілді

Қызылорда қаласы Титов қыстағында бесінші қабаттан басына кірпіш құлаған 42 жастағы азамат ауруханаға түсті, деп хабарлайды 24.kz.

Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға қатты соққан жел салдарынан болған.

"42 жастағы азамат жабық бассүйек-ми жарақатын алды. Ол Қызылорда қалалық ауруханасына жеткізілді", - деп хабарлады ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы Айгүл Нұрманова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу