Батыс Қазақстанда 100 жеке тұрғын үй пайдалануға беріледі

858

Батыс Қазақстанда 100 жеке тұрғын үй пайдалануға беріледі

Батыс Қазақстан облысындағы Аралтал ауылында салынып жатқан 100 шақты жеке тұрғын үйдің құрылысы аяқталып қалды, деп хабарлайды 24.kz.

Тағы екі 9 қабатты үй Ақсай қаласында бой көтерді. Бұл баспаналарға болашақта Қарашығанақ кенішіне жақын орналасқан Березов және Бестау ауылдарының тұрғындары қоныстанады.

Естеріңізге сала кетейік, өздерін жайсыз сезінген қос ауылдың тұрғындарын көшіру туралы шешім осыдан екі жыл бұрын қабылданған еді. Аралталдағы 100 үй қоныстой иелерін қабылдауға даяр тұр. 50 төрт бөлмелі және 50 үш бөлмелі үйлердің өте сапалы салынғанын байқау қиын емес. Құрылыс барысына бақылау жасаған тұрғындардың да ұсыныс-пікірлері ескерілген. Әрбір үйге инженерлік желілер тартылыпты. Аулада шаруашылық жүргізуге толық мүмкіндік бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу