Бауыржан Байбек Баум бағын аралады

603

Бауыржан Байбек Баум бағын аралады

Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаланың коммуналдық меншігіне қайтарылған Баум бағының абаттандыру жұмысымен танысты, деп жазды Алматы қаласының ресми интернет-ресурсы.

Табиғи ескерткіштің аумағы 139,5 га, мұнда 100 мыңнан астам жасыл желек бар.

Парк аумағының периметрі бойынша қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тәулік бойына жұмыс істейтін төрт полиция нүктесі қойылған. Полиция нүктелері қала мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергеннің жеке қаржысы есебінен жұмыс істеуде.

Бақ айналасын жас патрульшілдердің бақылауы қарастырылуда. Эко стильдегі навигациялық тақташалар ілініп, бұрын жығылған ағаштардан жасалған 20 оырндық қойылған.

Жүргізілген мониторинг кезінде бақтың 2,5 га жерін жеке адамдардың және көлік тұрағын жасау үшін автосалон иелерінің өз беттерімен басып алғандары анықталды. Мегаполис басшыс заңға сәйкес бақтың басып алынған жерлерін қайтаруды және жасылдандыруды тапсырды.

"Қалалықтардың демалуы үшін капитал шығынысыз және экологияға барынша аз әсер етіп, жайлы жағдай жасау қажет. Ғалымдарды тарта отырып, жасыл желекті қорғау және ұлғайту қажет, топырақтың және климаттың ерекшелігі ескеріліп, ағаштар сапалы күтілуі тиіс. Аллеяны жарықтандыру үшін жаңарған энергия көздерін пайдаланған жөн, өйткені табиғи аймақ ерекше қорғалады және мұнда инженерлік желілерді жүргізуге болмайды", - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу