Баян-Өлгейде 256 балуан сынға түсті

798

Баян-Өлгейде 256 балуан сынға түсті

Ғұн елінің 2227, Ұлы Моңғол мемлекетінің 812, халық төңкерісі орнауының 96 жылдық мерейтойына арналған ұлттық "Надам" тойында Баян-Өлгий аймағында балуандар арасындағы сынға түскен қандасымыз Төлек Ерболат аймақтық "Арыстан" атағын жеңіп алды, деп хабарлайды altaynews.kz.

Баян-Өлгей аймағы, Дэлүүн сұмыны тумасы, "Өлгий Ресурс" компания балуаны Төлек Ерболат қатысқан бұл жолғы "Надам" ұлттық мейрамында 256 балуан күрескен.

Жұп болып күресіп, жеңілгендер жарыстан шығып отырады. Олар әр кезеңнен өткен сайын арнайы марапатқа ие болады. "Начин"- "сұңқар-лашын", "харцага"- "қаршыға", "заан"- "піл", "арслан"- "арыстан"  және т.б.

Бұл жылы аймақтық тойда балуандар бір "Арыстан" , бір "Қаршыға"  және төрт бірдей  "Сұңқар-Лашын"  атағын иеленді.  "Сұңқар-Лашын" атағын алған 4 балуанның ең жасы - 19 жаста. Моңғолия мемлекетінде аса беделді саналатын жарыста топ жарған Төлек Ерболаттың бұл жеңісін халық ерекше қуанышпен қабылдап жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу