Бендиден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

805

Бендиден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Бендиден Қазақстан құрамасы Ресейдің Хабаровск қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz. 
В тобында бірінші орын алған біздің ұжым доданың ширек финалында А тобында төртінші орын алған Норвегия құрамасымен кездесіп, 6:1 есебімен жеңіске жетті. 
Еске салайық, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының топтық кезеңінде үш кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Алдымен біздің құрама Венгрияны 29:0 есебімен жеңсе, кейін АҚШ құрамасын 14:1, Германия құрамасын 17:2 есебімен ұтты. 
Қазақстан құрамасы әлем біріншілігінің алты дүркін қола жүлдегері. Өткен әлем чемпионатында құрамамыз бесінші орын алып қалып, В тобына түсіп қалған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу