Қытайдан бір айда 78,2 миллон долларға телефон импортталды

831

Қытайдан  бір айда 78,2 миллон долларға телефон импортталды

Осы жылы қаңтарда Қазақстан $78,2 млн-ға телефон аппаратттары мен ұялы телефон импорттаған, деп хабарлайды LS.

2017 жылдың қаңтарындағы көрсеткішпен ($70 млн) салыстырсақ, биылғы импорт 11,7%-ға өскен.

Шетелден техника импорттауда бұрынғыша Қытай көш бастап тұр. Бір айдың ішінде бұл ел Қазақстанға $56 млн-ға смартфон сатқан, өткен жылға қарағанда жеткізілім 14,6% көп.

Сондай-ақ, Вьетнамнан $13,1 млн-ға (өткен жылғыдан 7,6% артық) техника жеткізілген.

Ал Ресей телефон импортын қысқартыпты (24,8% кеміген), бір айда $2,9 млн-ға техника сатып алыпты. Австрия – $1,4 млн-ға, Малайзия – $1 млн-ға, АҚШ – $1 млн-ға импорттаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу