Бір жылдай ғарышта болғандар оралды

765

Бір жылдай ғарышта болғандар оралды

Ресейлік ғарышкер Олег Новицкий мен еуропалық астрононавт  Тома Песке отырған аппарат қазақстан  даласына қонды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ғарышкерлер кеше астана уақытымен  20  сағат 10 минутта Жезқазғанның оңтүстік-шығыс жағына қарай  147 шақырым жерге қонды. Жерге оралған экипаж мүшелерінің жағдайы жақсы, деп хабарлады Ұшу басқармасы орталығының баспасөз қызметі.  

Олег Новиций мен Тома Пескенің ұшу мерзімі 197 тәулікке  созылды. Халықаралық ғарыш экипаж стансасында (ХҒС)  болған кездерінде  экипаж ХҒС-50 және ХҒС-51 -де ұзаққа созылған  экспедиция жағдайындағы   ғылыми-қолданбалы зерттеу  және сараптамалық  бағдарламасын орындады. Новицкий мен Песке  Байқоңыр ғарыш айлағынан 2016 жылы 17 қарашада Пегги Уитсонмен бірге ұшып шыққан еді.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу