Биыл 150 аса нәресте санитариялық авиация күшімен құтқарылды

692

Биыл 150 аса нәресте санитариялық авиация күшімен құтқарылды

Қажетті медициналық көмек көрсету үшін жыл басынан бері еліміз бойынша 150-ден астам жаңа туылған нәресте санитариялық авиация күшімен сәтті тасмалданды, деп хабарлайды ДСМ баспасөз қызметі.

Өткен жылы санитариялық авиация күшімен 450-ден астам осындай науқастарға, оның ішінде туылған кезде салмағы келіге жетпейтін нәрестелерге медициналық көмек көрсетілді.

Нәрестелерді тасымалдау үшін санитариялық авиация әуе кемелері арнайы кювездермен және баланың  өмірлік көрсеткіштерін демейтін медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Осындай науқастарды тасымалдау кезінде басты міндеті  — баланың тыныс алуын адекватты демеу, дененің температуралық режимін және жүрек жұмысын демеу.

2018 жылғы І жартыжылдықта жаңа туған нәрестелердің патологиялық жай-күйі  санитариялық авиация науқстарының жалпы санының 17,3% құрайтынын айта кетейік.
Жалпы, 2018 жылы 6 ай ішінде санитариялық авиациямен 982 ұшу жүзеге асырылды, 1072 науқасқа медициналық көмек көрсетілді, 1137 медициналық қызмет көрсету орындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу