Биыл Ақтөбе қаласында 2,5 мыңнан астам пәтер пайдалануға беріледі

712

Биыл Ақтөбе қаласында 2,5 мыңнан астам пәтер пайдалануға беріледі

Бақытжан Сағынтаев Ақтөбе қаласында "Нұрлы жер" және президенттің бес әлеуметтік бастамасы аясындағы жаңа ипотекалық бағдарлама — "7–20–25" бағдарламалары бойынша тұрғын үй құрылысының даму барысымен танысты, деп хабарлайды primeminister.kz.

Нысандарды аралау барысында Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірдің құрылыс индустриясының жоғары әлеуетіне ие екенін айтты.

Әкім орынбасарының айтуынша, үкіметтің қолдауымен, облыста осымен екінші жыл қатарынан тез салынатын несиелік тұрғын үйлер құрылысы бойынша "Нұрлы жер" тұрғын үй бағдарламасы табысты іске асырылып жатыр. 2017 жылдың қорытындысы бойынша 2300-ден астам пәтер пайдалануға берілді. Биыл шамамен 36 аз қабатты және 6 тоғыз қабатты несиелік тұрғын үйлер немесе жалпы ауданы 158,0 мың м2 құрайтын 2500-ден астам пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұдан өзге, "7–20–25" жаңа ипотекалық бағдарламасын қабылдаудың арқасында халықтың барлық санаттары жаңа тұрғын үйді өте икемді шарттармен сатып алуға мүмкіндік алады.

Статистика комитетінің алдын-ала деректері бойынша, Қазақстанда 2018 жылдың қаңтар–маусым айларында қаржыландырудың барлық көздерінен тұрғын үй құрылысына 513,3 млрд теңге инвестиция немесе 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 128,4% бағытталды. 5,8 млн м2 тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104,8% құрайды. Республика бойынша барлығы 49 667 тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде 20 532-сі жеке үйлер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу