Биыл қазақстандық автоөндірушілер 17 мыңнан аса автокөлік шығарған

679

Жергілікті өндірістен шыққан сұранысқа ие автокөліктердің ондығы жасалды.

Биыл қазақстандық автоөндірушілер 17 мыңнан аса автокөлік шығарған

Қазақстандық автобизнес қауымдастығының (ҚАБҚ) мәліметі бойынша, 2018 жылдың шілдесінде көлік құралының 2586 түрі өндірілген. Бұл маусым айындағы көрсеткіштен 7,3%-ға аз, деп хабарлайды abctv.kz. 
Автоөнеркәсіп шілде айында шығарылған өнімді 15 534 млн теңге деп бағалап отыр, 2018 жылдың жеті айының жиынтық нәтижесі былтырғы жылдың осындай кезеңінің көрсеткішінен 32,3%-ға артық. 

Өндірістің заттай көрінісінің көлемі былтырғы жылғы көрсеткіштен 73,9%-ға артық болды. Шілде айының қорытындысы бойынша Өскемендегі "Азия Авто" кәсіпорны 1599 көлік құрастырған. Ал қостанайлық "Сарыарқа АвтоӨнеркәсіптен" 828 техника шыққан. Көкшетаудағы "КАМАЗ Инжинринг" 60 жүк көлігін, ал семейлік СемАЗ және Daewoo Bus Kazakhstan болса 53 жүк көлігі мен 5 автобус шығарған. Алматыдағы Hyundai Trans Auto 27 көлік құраған. Жеті айлық қорытындысы бойынша қазақстандық құрастырудан шыққан автокөлікті өткізу 15 484 болған, бұл былтырғы жылдың қаңтар-шілдесіндегі нәтижеден 64%-ға артық. 

​​​​​​​Отандық автоөндірістің нарықтық үлесі шілдеде 49,7%-ға дейін өскен. Жеті айдың қорытындысы бойынша жергілікті өндірістен шыққан сұранысқа ие автокөліктердің ондығында Lada (6 905), Hyundai (3 097), Kia (1 441), JAC (774) және Ravon (552) көш бастап тұр. Ондықты Chevrolet (542), Skoda (319), KAMAZ(245), HyundaiTrucks (136) және Peugeot(122) толықтырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу