Болашақ зейнеткерлер зейнетақы төлемін алдын ала есептей алады

779

Болашақ зейнеткерлер зейнетақы төлемін алдын ала есептей алады

Астанада зейнеткерлікке шығатын адам алдын ала зейнетақы төлемдерін есептеуіне болады. Бұл үшін олар Астана қаласы "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" департаментінің бэк-офистеріне жүгінуі немесе қажетті құжаттарды zeinetker@goscorp.kz электрондық поштасына жолдауы қажет. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы баспасөз қызметіне сілтеме жасап, ҚазАқпарат хабарлады.

Зейнетақыны алдын ала есептеу және кеңес алу үшін еңбек кітапшасын, білімі туралы дипломын, әскери билетін, неке туралы куәлігін ұсыну қажет. Әйелдер балаларының туу туралы куәлігі мен жеке куәлігін ұсынады. Жұмыс өтілін растайтын құжаттар болмаған жағдайда, мұрағат анықтамасын, сот шешімін, оңалту туралы анықтаманы ұсынуына болады.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, осы пилоттық жобаны тестіден өткізу - мемлекеттік қызметтерді белсенді көрсетуге алғашқы қадам.

"Біз азаматтар мемлекеттік қызметі алу үшін келуін күтіп отырмай, оларды беруге өзіміз бастамашылық жасағымыз келетінін бірнеше рет айтқанбыз. Әзірше бұл - біздің бірінші пилоттық жобамыз. Сондай-ақ біз клинеттерге олар зейнетақы төлемдерін үйден шықпай-ақ алдын ала есептей алатындарын естеріне саламыз. Болашақта осындай көптеген пилоттар қызметтерді белсенді көрсетуге бағытталатын болады деп ойлаймын", - деді басқарма төрағасы.

Оспанов пилоттық жобаның әзірше тек Астанада тестіден өтетінін, ал азаматтар тарапынан оң бағаланса, Қазақстанның басқа да қалаларына таратылатынын айтып өтті. Айтпақшы, зейнетақының алдын ала мөлшері көрсетілетін ақпаратты мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері өтініш электрондық поштаға түскеннен кейін 3 жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынуға міндетті. Егер азамат корпорацияның бэк-офисіне жүгінген болса, онда ол мұны сол күні-ақ біле алады. Зейнетке шығуына дейін көп дегенде 3 ай қалған азаматтар ғана алдын ала есептеу үшін өтініш білдіруге келе алады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу