banner

Болгария құрамасымен ойнайтын футболшылардың тізімі жарияланды

832

Болгария құрамасымен ойнайтын футболшылардың тізімі жарияланды

Футболдан Қазақстан құрамасы Болгарияға қарсы өткізетін жолдастық кездесуге қатысатын ойыншылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды vesti.kz.
Ойын бүгін Венгрияның Фельчут қаласында өтеді. Кездесу Астана уақытымен 22:00-де басталады. "Хабар" арнасы ойынды тікелей эфирде көрсетеді. 
Ойынға қатысатын негізгі құрам: Владимир Плотников, Гафуржан Сүйімбаев, Сергей Малый, Евгений Постников, Абзал Бейсебеков, Исламбек Қуат, Бактиер Зайнутдинов, Бауыржан Исламxан, Роман Муртазаев, Еркебұлан Сейдаxмет, Сергей Хижниченко.
Қосалқы құрам: Александр Мокин, Ненад Эрич, Дмитрий Шомко, Елдос Аxметов, Нұралы Әліп, Дмитрий Мирошниченко, Магомед Парагульгов, Юрий Перцуx, Еркебұлан Тұңғышбаев, Алексей Щеткин. 
Бұл Қазақстан құрамасының наурыз айындағы екінші жолдастық кездесуі. Бұған дейін Станимир Стойлов шәкірттері Будапештте Венгрия құрамасымен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жеткен еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу