banner

Бразилия экономикалық тоқыраудан шықты

1107

Бразилия экономикалық тоқыраудан шықты

Бразилия 2013 жылдан бастап экономикалық тоқыраудан шығып, енді даму жолына түсті, деп хабарлайды 24.kz.

Ресми деректерге қарағанда, Бразилияның жалпы ішкі өнімі бірінші тоқсанда 1%-ға өскен. Бұл – 2013 жылдың екінші тоқсанынан бергі ең жоғары көрсеткіш. Осыған байланысты География және санақ институты даму болжамын қайта қарастырып, осы жылдың соңғы тоқсанында ел экономикасының дамуы тек 0,5%-ға ғана азаятынын айтады. Экономиканың оңалуы соңғы уақытта саяси жанжалға ұшыраған президент Мишел Темер үшін де жағымды жаңалық болып отыр. Өйткені жоғарғы сот мемлекет басшысын сыбайлас жемқорлыққа барды деп айыптап, тексеру бастаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу