"БТА Банк" директорлар кеңесі төрағасынан 1 миллион доллар талап еткендер ұсталды

820

Алматы мамандандырылған тергеу соты ұсталғандарға қатысты "Қамауға алу" бұлтартпау шарасын қолданды. 

"БТА Банк" директорлар кеңесі төрағасынан 1 миллион доллар талап еткендер ұсталды

Алматыда "БТА Банк" директорлар кеңесі төрағасынан 1 млн доллар талап еткен үш ер адам қылмыс үстінде ұсталды, оның ішінде мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметінің өкілі де бар, деп хабарлайды бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің  дүйсенбі күні таратқан ақпарына сүйенсек, 19 қаңтар күні бас прокуратураның ішкі тергеу департаменті қызметкерлері  Ұлттық қауіпссіздік комитетімен бірлесіп МКД ЭТҚ қызметкері Д.Искаков және уақытша жұмыс істемейтін Д.Әлпиев, Э. Сүлейменовты ұстаған. 

"Аталған тұлғалар алаяқтық жолмен бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметі өндірісіндегі қылмыстық іске қатысты мәслені шешіп береміз деп "БТА Банк" директорлар кеңесі төрағасынан 1 млн доллар талап еткен", – деп көрсетілген хабарламада. 

Бұл ретте, Д.Ысқақов осы қылмыстық іс бойынша бас прокуратураның ведомствоаралық жедел-тергеу тобының құрамына кірмеген.

Алматы мамандандырылған тергеу соты Д. Искаков, Д. Әлпиев және Э. Сүлейменовке қатысты "Қамауға алу" бұлтартпау шарасын қолданды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу