БТА банкке Қытайдағы порттың құрылысын жалғастыру құқығы қайтарылды

936

БТА банкке Қытайдағы порттың құрылысын жалғастыру құқығы қайтарылды

Гонконгның жоғары соты БТА банкке Қытайдағы порттың құрылыс жалғастыру құқығын қайтару туралы шешім қабылдады деп жазады LSM.kz порталына сілтемемен 7kun.kz. 

Енді БТА банк Бэйхай қаласындағы Тьешанганг портындағы құрылыс ісін жалғастыра алады.

“БТА банкке жер телімдері, теңіз портының құрылыс істерін және барша инфроқұрылымдарды жүргізуге арналған лицензия мен рұқсат берілді. Құрылыс істерінің жалпы сомасы 10-15 млн долларды құрайды. Бізге жағдайды нақты бағалап, активтің заңды құжаттамаларын шешу керекпіз. Біраздан кейін, бұл жоба үшін инвестор табуымыз да мүмкін”,-деді банктің директорлар кеңесінің төрағасы Кеңес Рақышев.

Кеңес Рақышевтің айтуынша, Kazoil-Astana Group компаниясы 2001 жылы Гонконгта тіркелген. Сол кездегі БТА банктің директорлар кеңесінің басшысы Мұхтар Әбләзовтың шешімімен компанияға көп бөлікте кредит берілген. Нәтижесінде, компанияның банк алдындағы қарызы 32 млн долларға жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу