Буэнос - Айрестен тағы бір "алтын" алдық

865

Іріктеу кезеңінде Диас мәреге екінші болып келсе, ширек финалда украиналық спортшыны артта қалдырды.

Буэнос - Айрестен тағы бір "алтын" алдық

Қазақстандық Диас Бахриддин Буэнос- Айрестегі жасөспірімдер Олимпиадасында каноеде есуден чемпион атанды деп хабарлайды Olympic.kz.

Іріктеу кезеңінде Диас мәреге екінші болып келсе, ширек финалда украиналық спортшыны артта қалдырды.

Жартылай финалда ол венгриялық Балаза Палладан озды. Палланың уақыт көрсеткіші - 1:57.04, Диастың нәтижесі - 1:54.66

Финалда ол өзбек спортшысы Исломжон Абдусломовпен алтынға таласқан болатын. Тартысты өткен жарыста Диас 1:54.66 уақыт көрсеткішімен мәреге бірінші болып келді. Абдусаломовтың уақыт көрсеткіші - 1:55.17.

"Өздеріңіз көргендей жарыс өте қиын болды. Дегенмен жеңіске жеттік. Финалда бар күшімді жинап, жеңіске жетуге тырыстым. Өзбекстандық қарсыласым мықты спортшы. Талай бәсекелерде жарысып жүрміз. Бүгінгі таңда жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарындағы медальім спорттық мансабымдағы басты жетістігім. Ел қоржынына медаль салғаным үшін өте қуаныштымын",- деді каноэ есуден жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпазы Диас Бахриддин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу