Бүлдіршінді тұншықтырған балабақша тәрбиешісі болып шықты (видео)

1367

50 жастағы тәрбиешінің аты-жөні анықталды.

Бүлдіршінді тұншықтырған балабақша тәрбиешісі болып шықты (видео)

Теміртаудағы жеке балабақшаның тәрбиешісі түскі демалыс уақытында бүлдіршінді тұншықтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бейнеролик 27 тамыз күні әлеуметтік желілерде пайда болды. Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерде мониторинг жүргізу барысында "Shok_krg"  парақшасынан әйел адамның баланың үстінен көрпемен басып, еркінен тыс ұстап тұрғаны бейнеленген видеоны анықтаған. Полицияда мәлім еткендей, видеоны зерттеу барысында қаланың балабақшаларының бірінде  жұмыс істейтін 50 жастағы тәрбиешінің аты-жөні анықталды.

Оның сөзінен белгілі болғандай, кішкентай қыз түскі демалыс уақытында тәрбиешісінің тілін алмай, төсекте секіре берген. Оған шыдамаған әйел адам баланы көрпемен қысып ұстап тұрған.

"Кәмелет жасқа толмаған қыздың ата-анасы анықталды. Олар тәрбиешіні қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы арыз жазған. Оқиғаның мән-жайын анықтау кезінде видео биылғы жылдың мамыр айында түсіріліп, алайда желіге 27 тамызда жүктелгені белгілі болды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, арнайы сараптамалар тағайындалды. ҚР ҚК-нің 140-бабы, 2-бөлігіне ( "Кәмелет жасқа толмағандарды тәрбиелеу бойынша міндеттерді орындамау") сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталып кетті", - деді өңірдің ІІД-де.

Айта кету керек, тәрбиешінің көмекшісімен ресми түрде еңбек қарым-қатынасы бұзылған. Оқиғаның егжей-тегжейін анықтау үшін Теміртау қаласының білім департаменті білім саласында бақылау департаментінің мамандарына хабарлады. Сондай-ақ, ҚР БҒМ-нің балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі комитетіне хат жіберілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу