Бүркітші Айшолпан туралы жаңа фильм көрерменге жол тартты

1394

Бүркітші Айшолпан туралы жаңа фильм көрерменге жол тартты

Қазақтың саятшылық өнерін әлемге танытуға өз үлесін қосқан Моңғолиядағы қандасымыз Айшолпан Нұрғайыпқызының қатысуымен түсірілген "Көшпенділер" деректі фильмінің "Моңғолия қазақтары: Бүркітшілер" сериясы YouTube желісіне шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Моңғолия қазақтары: Бүркітшілер" фильмі Youtube видеохостингіне жарияланды. Басты рөлде атақты бүркітші, моңғолиялық қандасымыз Айшолпан Нұрғайыпқызы. Фильмде тек Айшолпан туралы ғана емес, одан бөлек моңғолиялық қазақтар және олардың тұрмысы мен бүркітшілік кәсібі туралы баяндалады. Бүркітші Айшолпан америкалық режиссер Отто Белланың - Eagle Huntress фильміне түсірілуінің арқасында АҚШ және Еуропаға танымал болды" , - деп жазды "Моңғолия қазақтары: Бүркітшілер" фильмінің қоюшы режиссері Қанат Бейсекеев Фейсбуктегі парақшасында.

Айта кетсек, 2016 жылы Айшолпан туралы "Бүркітші қыз" (Eagle Huntress) деректі фильмі жарыққа шыққаннан соң, жас бүркітші жайлы әлемнің BBC, New York Times және CNN секілді маңдайалды БАҚ бірінен соң бірі жарыса жазған болатын.

Еске салсақ, үстіміздегі жылдың қыркүйек айында моңғолиялық қандасымыз Қазақстанға арнайы келген еді. Онда ол еліміздің атынан жарыстарға қатысуға дайын екенін мәлім етті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу