Бүркітшілерге "спорт шебері" атағы берілетін болады

707

Бүркітшілерге "спорт шебері" атағы берілетін болады

Бүркітшілерге "спорт шебері" атағы берілетін болады. Бұл туралы Тәуелсіздік күніне орай өткен "Қансонар" халықаралық бүркітшілер фестивалінде ұлттық спорт түрлері қауымдастығының вице-президенті Ерлен Оспанов мәлімдеді, деп хабарлайды prosports.

Оның айтуынша, қазір Қазақстанда 70-тен астам бүркітші бар. Олар жыл сайын әртүрлі деңгейдегі сайыстарға қатысып, өз шеберлігін сынап келеді. Бұл ұлттық дәстүріміздің дамуына айрықша үлес қосып отыр.

"Бүркітшілік өздеріңіз білесіздер, ЮНЕСКО-ның материалдық емес құндылығы ретінде тіркелген. Бұл тек қазаққа ғана тән дәстүр екенін әлем мойындап отыр. Ең алғашқы бүркіт те осы қазіргі Қазақстан территориясында қолға үйретілгенін де қазір барлығы біледі",– дейді Ерлен Оспанов. Сонымен қатар ол бұл дәстүрдің енді ұлттық спорт түріне жатқызылатынын айтып өтті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу