Былтыр шойын жол жабдықтарын ұрлауға қатысты 237 оқиға тіркелді

1038

Осылайша, 34 млн теңгеден аса шығын келген.

Былтыр шойын жол жабдықтарын ұрлауға қатысты 237 оқиға тіркелді

Былтыр темір жол жабдықтарын ұрлау және бүлдіру жағдайы бойынша 237 факті тіркелген. Осылайша компанияға 34 млн теңгеден аса шығын келді. Бұл сома 2017 жылмен салыстырғанда 10 млн теңгеге көп.

Ал жол және құрылыс департаменті бойынша 171 оқиға тіркеліп, шығын көлемі 25 млн теңгеден асқан.

Компания өкілдері болса ұрлықтың көбеюі темір жол апаттарының да артуына әкеліп соғатынын айтады. Олай дейтініміз бір жылдың ішінде темір жол бойында 66 адамды пойыз қаққан. Сондай-ақ машинистер тарапынан 826 рет шұғыл тежеу әрекеті орын алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу