Caspian Oil & Gas 2017 XXIV халықаралық көрмесі жаңа мүмкіндіктерге жол ашты

560

Caspian Oil & Gas 2017 XXIV халықаралық көрмесі жаңа мүмкіндіктерге жол ашты

Қазақстандық компаниялар 31 мамыр мен 3 маусым аралығында Бакуде өткен Caspian Oil & Gas 2017 XXIV халықаралық көрмесіне қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрме мұнай саласындағы Каспий маңы өңірлерінің ірі іс-шарасы. Биыл бұл шарада 30 елден 289 компания бас қосты. Олардың арасында төрт қазақстандық компания - Ақтөбе мұнай жабдықтары зауыты, "Орал трансформатор зауыты" ЖШС, Caspian Offshore Construction және "Еділ-Орал.kz" ЖШС бар.

"Көрме нәтижелі өтіп жатыр, біздің өнімімізге қызығушылық танытқан әлеуетті серіктестермен келіссөздер жүргізудеміз. Осы жылы өзара ынтымақтастық өз жемісін беретініне сенімдімін", - деді Alageum Electric холдингтік компаниясының өкілі Әмір Ғалымов.

Caspian Offshore Construction бизнесті дамыту жөніндегі үйлестіруші Виталий Кириенконың айтуынша, бұл көрме басқа компаниялармен байланыс орнатып, оларме достық қарым-қатынас жасауға септігін тигізуде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу