Даниал Ахметов: Интернат салу кеңес үкіметі кезінен қалған дүние

581

ШҚО басшысы мектеп жасындағы балалардың интернатта жатып оқуын құптамады.

Даниал Ахметов: Интернат салу кеңес үкіметі кезінен қалған дүние

Жеткіншек ұрпақты жетелі етіп өсіргің келсе мектеп-интернатын салмау керек. Бұл тұжырымды облыс әкімі Даниал Ахметов бүгін Катонқарағай ауданына барған жұмыс сапарында айтты, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.

"Мектеп жасындағы балалар ата-ананың құшағынан алыстамауы керек. Ата-ананың мейірін сезініп өскен ұрпақ жаман болмайды. Интернат салу кеңес үкіметі кезінен қалған дүние. Қазір мектептерге барлық жағдай жасалған. Автобустар бар", -деді өңір басшысы.

Бұл сөздің шығыуына Приморск ауылында салынып жатқан балаларды сауықтыру лагерін көзбен көрген облыс басшысына аудан әкімі Ахметқали Нұрғожинның қосымша интернат салсақ деген ұсынысы себеп болған еді.

50 балаға арналған сауықтыру кешені, бұйырса қыркүйек айында пайдалануға берілетін көрінеді. Аймақ басшысы сонымен қатар аталмыш ауылда салынып жатқан демалыс базасын, жаңа Хайрузовка ауылында тартылып жатқан ауыз су құбырын, аудандық шығармашылық үйі және достық үйінің тыныс-тіршілігімен танысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу