Дәрілерді электрондық сатып алу іске қосылды

736

"СҚ-Фармацияда" биылғы жылға дәрі-дәрмектің 35 атауына электрондық сатып алу жарияланды.

Дәрілерді электрондық сатып алу іске қосылды

Қазақстанда тегін дәрілік қамтамасыз ету үшін дәрі-дәрмектер беретін фармдистрибьюторлар мен өндірушілер электрондық сатып алу жүйесін тестілеуді аяқтады. Енді "СҚ-Фармацияда" биылғы жылға дәрі-дәрмектің 35 атауына электрондық сатып алу жарияланды.

"СҚ-Фармация" ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріптің айтуынша, тестілік сатып алу екі мәрте өткізілген. Тестілік сатып алуға 35 қатысушы қатысса, оның 22-сі барлық рәсімдерді тіпті аукционға дейін өткен.

"Бүгін біз дәрілік заттарды алғаш электрондық сатып алуды жарияладық. Рәсімдерге қатысушылар тендер рәсімдеріне қатысу үшін құжат жинап жатқанда, әзірлеушілер барлық анықталған олқылықтарды жоятын болады және биылғы жылғы сатып алу шеңберінде біз барлық тетіктерді тағы бір пысықтайтын боламыз. Осылайша, 2019 жылға арналған үлкен сатып алуға қарай жүйе толықтай жолға қойылатын болады",- деп атап өтті Берік Шәріп.

Қазір алғашқы электрондық сатып алу шеңберінде тендерге 35 атау жарияланған, оның ішінде – психотроптық, туберкулезге қарсы, бактерияға қарсы препараттар, сондай-ақ медициналық мақсаттағы бұйымдар бар. Бұрын бұл позициялар әлеуетті өнім берушілерден  ұсыныстар болмаған, ҚР-дағы тіркеу мерзімінің өтіп кетуі себептерінен немесе кей препараттар өндірістен алынып тасталғандықтан 2018 жылға сатып алынбаған болатын. Жаңа жүйе бойынша сатып алынған дәрі-дәрмектер қазан айынан бастап медициналық ұйымдарға жеткізіле бастайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу