Демалыс күндері ауа райы құбылмалы болады

1060

16 желтоқсанда көшпелі бұлт шығып, аздаған қар жауады.

Демалыс күндері ауа райы құбылмалы болады

Астанада алдағы үш күнде ауа райы құбылмалы, аздаған қар жауады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Синоптиктердің болжамынша, 15 желтоқсанда қалада күн құбылмалы, күндіз аздаған қар жауады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстікке ауысатын желдің екпіні 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -11...-13°С, күндіз -3...-5°С құрайды.

"Жексенбі, 16 желтоқсанда көшпелі бұлт шығып, аздаған қар жауады. Желдің бағыты солтүстік-батысқа қарай ауысып, оның жылдамдығы 9-14 м/с құрайды. Түнде ауа температурасы  9...-11°С, күндіз -6...-8°С", – делінген  "Қазгидрометтің" хабарламасында.

17 желтоқсанда көшпелі бұлт шығып, қар жауады. Солтүстік-батыстан жылдамдығы 9-14 м/с құрайтын жел соғады. Сынап бағанасы түнде – 11...-13°С, күндіз – 6...-8°С көрсетпек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу