Денис Теннің қазасына кінәлілер сот алдында жауап беріп жатыр

841

Іс бойынша үш адам күдікті.

Денис Теннің қазасына кінәлілер сот алдында жауап беріп жатыр

Денис Теннің өліміне қатысты сот отырысы басталды. Қылмыстық іс Алматы қалалық Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгінгі отырыста сотқа дейінгі тыңдалым өтті. Сот алдында үш адам жауап беруде. Олар - ҚР ҚК 434-бабы, ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлімі, 188-бабы 2-бөлімінің 1-тармағы бойынша айыпталған – Жанар Толыбаева, ҚР ҚК 188-бабы 2-бөлімінің 1-тармағы, ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлімімен, 192-бабының 2-бөлімімен қылмыстық жауапкершілікке тартылып отырған – Арман Құдайбергенов, ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімімен, 192-бабының 2-бөлімімен қылмыстық жауапкершілікке тартылып отырған – Нұралы Қиясов.

Қылмыстық іс 38 томнан тұрады.

Еске салсақ, Денис Тенді биыл 19 шілдеде Алматы қаласында белгісіз біреулер пышақтап кеткен еді. Ауыр халде ауруханаға жеткізілген спортшы көз жұмған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу