Дубайдағы жәрмеңкеде үш миллионнан астам кітап сатылымға шығады

1077

Тәулік бойы жұмыс жасайтын жәрмеңкеде кітаптарға 50-80 жеңілдік болады.

Дубайдағы жәрмеңкеде үш миллионнан астам кітап сатылымға шығады

Қазан айының 18-28 аралығында Дубай қаласында әлемдегі ең ірі кітап жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Muslim.kz.

Big Bad Wolf Books деген атаумен өтетін жәрмеңке сөрелерінде бұл күндері үш миллионнан астам кітап сатылымға шығарылады.

Тәулік бойы жұмыс жасайтын жәрмеңкеде кітаптар 50-80 жеңілдікпен сатылатын болады. Dubai Studio City орталығында, тіпті, келушілер үшін арнайы арбашалар да дайындап қойған көірнеді.

Big Bad Wolf Books компаниясын 2009 жылы қарапайым малайзиялық отбасы ұйымдастырған болатын. Олар осы елдегі сауаттылық деңгейінің өте төмендігіне алаңдаушылық білдіріп, 2006 жылы Куала-Лумпурде кітап дүкендерін ашқан. Алайда, ел сауаттылығын көтеру үшін кітап дүкендерінің әсері аз екендігін ескерген ерлі-зайыптылар ауқымды кітап жәрмеңке ұйымдастыру жұмыстарына кіріседі.

Қазіргі уақытта жәрмеңке аясында Куала-Лумпур, Джакарта, Манила, Себу, Коломбо, Бангкок, Тайбэе қалаларында сатылмай қалған кітаптар арзан бағамен ауқымды аудиторияға таратылып келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу