Дүниежүзілік банк Қазақстанның коммуналдық инфрақұрылымын дамытуға қатыспақ

778

Дүниежүзілік банк Қазақстанның коммуналдық инфрақұрылымын дамытуға қатыспақ

Дүниежүзілік банк Қазақстанның коммуналдық инфрақұрылымын дамытуға қатыспақ, деп хабарлайды "ТКШ ҚазОрталығы" баспасөз қызметі.

"ТКШ ҚазОрталығы" АҚ-да қалалық инфрақұрылымды қаржыландырудың Қазақстандық бағдарламасын бірлесіп әзірлеу мәселелері бойынша Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесу өтті. Бағдарламаның мақсаты - Азия Даму банкі мен Дүниежүзілік банктің қатысуымен және жеке секторды тарта отырып, ТКШ секторы үшін инвестициялар беру тетігін әзірлеу.

Тараптар бағдарламаға одан әрі қатысу үшін Қазақстан өңірлерінің әлеуетін дамыту және арттыру қажеттігін атап өтті. Осыған байланысты Дүниежүзілік банктен консультациялар беру, әкімдіктердің кредит қабілеттілігін бағалау, бағдарламаның талаптарына жауап беретін инвестициялық жобалар портфелін әзірлеу және т.б. түрінде техникалық көмек алу мүмкіндіктері қарастырылды.

Дүниежүзілік банк инфрақұрылымын дамыту жөніндегі бағдарламаның жетекшісі Пол Валлели Қазақстанның қалалары мен инфрақұрылымын дамыту секторында ұсынылған міндеттер өте маңызды және олардың табысты шешімі тиісті реформаларды жүргізудің жан-жақты қамтылған әрі тұрақты бағдарламасын талап ететінін атап өтті. Ол сондай-ақ Дүниежүзілік банк ТКШ нормативтік базасын, менеджмент стандарттарын жетілдіру, коммуналдық кәсіпорындардың сапасы мен тиімділігін арттыру, жобаларды қаржыландырудың оңтайлы жүйесін қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін қамтитын баламалы бағдарламаны қарастыруға дайын екенін айтты.

Өз кезегінде "ТКШ ҚазОрталығының" өкілдері Қазақстан Республикасының үкіметі қолдаған саланы дамыту бойынша ұсынылған шаралар туралы айтып берді. Олар ТКШ кешенін цифрландыруды, көп пәтерлі тұрғын үйлерді аспаптандыру бағдарламасын және өңірлер әкімдіктерімен бірлесіп іске асырылатын жаңа технологияларды енгізу жөніндегі жобаларды қамтиды.

"Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының негізгі проблемалары саланың ашықтығы мен коммуналдық желілердің тозуының жоғары деңгейі болып табылады. Біз қазір шетелдік компаниялармен және халықаралық қаржы ұйымдарымен белсенді кездесулер өткізіп жатырмыз. Жүргізіліп жатқан жұмыстың негізгі мақсаты – жаңа технологиялар трансфері, бюджеттен тыс инвестицияларды тарту, Қазақстанның тұрғын үй-коммуналдық саласының айқындылығын қамтамасыз ету және инвестициялық тартымдылығын арттыру", - деді "ТКШ ҚазОрталығы" АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Әділхан Өмірбаев.

Тараптар әріптестікті күшейтуге келісті және ҚР тұрғын үй-коммуналдық секторын жаңғырту саласындағы ынтымақтастықты дамыту үшін одан арғы  қадамдарды анықтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу