Джеки Чан Астанадағы Қытай киносының фестивалін ашады

911

Джеки Чан Астанадағы Қытай киносының фестивалін ашады

7 маусымында "Қазмедиа орталығының" киноконцерт залында Қытай киносы фестивалінің ашылу салтанаты өтеді.
Бұл шараның бас ұйымдастырушылары  - "Қазақстан" Республикалық телерадиокорпорациясы мен ҚХР баспасөз, баспа, радио, кино және телевизия ісі жөніндегі мемлекеттік басқармасы.
Қытай киносы фестивалінің Қазақстандағы күндері ҚР ақпарат және коммуникация министрлігі мен ҚР мәдениет және спорт министрлігінің  қолдауымен өтеді. Фестивальдің арнайы қонағы ретінде әлемдік кинематографияның жұлдызы, қытай актері, кинорежиссер, кинопродюсер – Джеки Чан болмақ.
Осы шарада  Джеки Чан көрермендерге  "Кунг-фу Йога" атты  фильмін тарту етпек. Бұл фильмде ол басты кейіпкер -  Джеки атты қытай археологын  сомдап шықты.

Айта кетсек, 7-18 маусым аралығында Астанада өтетін Қытай киносы фестивалі аясында елордалықтар мен қала қонақтары "Іле өзені", "Шынайы махаббат", "Гулім", "Қатерлі ісік мырза, кетіңіз", "Қасқыр тотемі" сынды туындыларды тамашалай алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу