Дзюдошы Еуропа чемпионатында қазақ күресінен абсолютті чемпион атанды

708

Дзюдошы Еуропа чемпионатында қазақ күресінен абсолютті чемпион атанды

Грузияның Батуми қаласында қазақ күресінен бірінші Еуропа чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Күреске Еуропа елдерінің 80-ге жуық спортшысы қатысты. Жарыс сегіз салмақ дәрежесі, сондай-ақ абсолютті салмақ дәрежесі бойынша өтті.

"Менің қарсыластарым мықты болды. Жеңу оңай болмайды, бірақ чемпионаттың өз елімде өтіп жатқаны көмектесті. Қазақ күресіне бір жылдай дайындалдым. Өзім дзюдошымын. Қиын болды, алайда мен қазақ күресінің ережелеріне сәйкес күрестім. Спорттық мансабымды қазақтармен бірге жалғастырмақпын. Мұндай деңгейдегі алғашқы жарысым. Бір ай бұрын қазақ күресінен Грузия чемпионаты өтті, онда мен Грузия чемпионы атандым", - деді журналистерге 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі чемпионат жеңімпазы Иракли Купатадзе.

Басты күрес жергілікті уақыт бойынша түн ортасына қарай абсолютті салмақ дәрежесінен өтті. Аталған салмақ дәрежесінде грузиялық палуан, дзюдодан Еуропа чемпионы Гурам Тушишвили жеңімпаз атанды. Екінші орынды болгарлық Веселин Иванов, үшінші орынды поляк Петр Томаш Талач иеленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу