Эгей теңізінде суға батқан көне заманғы кемелер табылды

1321

 Олар Византия дәуірі мен ХХ ғасырға тиесілі екені анықталды.

Эгей теңізінде суға батқан көне заманғы кемелер табылды

Эгей теңізінде археологтардың зерттеу жұмыстары кезінде су астынан 60 кеме табылды. Олар Византия дәуірі мен ХХ ғасырға тиесілі екені анықталды, деп хабарлайды 24.kz.

Археологтардың айтуынша, бұл көне кемелер арқылы Эгей, Жерорта және Қара теңізде жүрген сауда-сатық тарихын зерттеуге болады. Тіпті онда асыл, гауһар тасқа толы жүк кездессе де ғажап емес.

Алғашында 2015 жылы суға батқан 22 кеме табылған еді. Уақыт өте келе олардың саны да артты. Көне заманда суасты жартастың көптігінен, бұғаз бен теңіз ағынында қалған кемелер дұрыс басқарылмағандықтан қайықтар жиі апатқа ұшырайтын. Сондай-ақ қарақшылардың шабуылы да олардың жүруіне кедергі келтірген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу