eGov.kz порталының Telegram желісінде жаңадан 3 қызмет іске қосылды

17 Шілде 2018 18:46

@EgovKzBot Telegram-ботында денсаулық сақтау министрлігінің 3 қызметі іске қосылды, деп хабарлайды «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі.

Енді Telegram көмегімен азаматтар: емханаға тіркелу, дәрігер қабылдауына жазылу, дәрігерді үйге шақыру қызметтерін сұрай алады.

Осылайша, @EgovKzBot Telegram-бот арқылы қол жетімді сервистер мен қызметтер саны 10-ға жетті.

Бот арқылы мекенжай анықтамасын, жылжымайтын мүліктің болуы немесе болмауы туралы анықтаманы, сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтаманы, жеке тұлғаның басқа заңды тұлғаларда қатысуы туралы анықтаманы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтаманы алуға болатынын, естеріңізге саламыз. Бұдан басқа базалық зейнетақы төлемінің мөлшері туралы ақпаратты алуға және әлеуметтік мәртебесін тексеруге болады.

Қызметті алу үшін «Мобильдік азаматтар базасында» тіркелу қажет, яғни өз телефон нөмірін eGov.kz порталының Жеке кабинетінде тіркеп, өзінің гаджетінде, Telegram мессенджердегі  ботты іске қосу жүзеге асырылсын. Бұдан әрі алдын-ала белгіленген бұйрықтарды жолдау және  сұранысты SMS-код арқылы растау арқылы мемлекеттік қызметтерді алуға болады, әрі сұраулардың нәтижесін бірден пайдаланушының электрондық поштасына жіберуге болады.

Қазіргі таңда Telegram-ботқа 8218 адам жазылды, оны іске қосу сәтінен бастап олар 8517 сұраныс жасады.

@EgovKzBot көмегімен қызметтерді алу кезінде сұрақтар туындаған кезде тәулік бойы 1414 нөмірі арқылы тегін кеңес беретін Бірыңғай байланыс орталығына жүгінуге болады.