ЕҚДБ өкілі: Біз кез келген кәсіпті қаржыландыруға дайынбыз

653

ЕҚДБ өкілі: Біз кез келген кәсіпті қаржыландыруға дайынбыз

Еліміздің кей банктері әйелдерге арнайы бағдарламалар әзірлеп жатыр. Бүгін бұл туралы Астанада өткен халықаралық форумда айтылды, деп хабарлайды 24.kz.

Мұнда ТМД елдерінен келген сарапшылар бизнес жүргізуге қатысты тәжірибелерімен бөлісті. Делегация өкілдері табысты іс бастауға байланысты жобаларын таныстырды.

"Несие алуға ниет танытып отырған нәзік жандар міндетті түрде шағын немесе орта бизнес өкілі және Қазақстан резиденті болуы шарт. Біздің жобамыздың "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасына түк қатысы жоқ. Сондықтан біз кез келген кәсіпті қаржыландыруға дайынбыз", - дейді ЕҚДБ Қазақстан бойынша менеджері Алма Қасымова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу