Екібастұзда балаларға коньки таратылды

891

"Коньки сыйла!" акциясы өтті.

Екібастұзда балаларға коньки таратылды

Тәуелсіздік күніне орай Екібастұз қаласының "Шахтер" Мәдениет және демалыс саябағында жетім және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған "Коньки сыйла!" акциясы өтті.  Бұл туралы ҚазАқпарат

"12 балаға сыйлыққа коньки берілді", - деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.

Акцияға Екібастұз қаласының әкімі Нұржан Әшімбетов, мәслихат депутаттары, сондай-ақ палуан, "Павлодар барысы" атағының иегері Әділет Нүрпейісов және "Екібастұз" футбол клубының директоры Мирхат Мұсанап қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу