Экологтар Солтүстік Қазақстанның су қоймасында балықтың қырылу себебін анықтап жатыр

1150

Экологтар Солтүстік Қазақстанның су қоймасында балықтың қырылу себебін анықтап жатыр

Солтүстік Қазақстан аумағындағы Жақсы-Жалғызтау балық шауашылығының су қоймасында балықтың қырылу дерегі тіркелді, деп хабарлады ҚР АШМ  орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі.

"Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына ЖК директоры М.В.Меркельден келіп түскен ақпарат бойынша, Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданындағы  Жақсы-Жалғызтау ауылының оңтүстік-батысында орналасқан Жақсы-Жалғызтау балық шаруашылығы су қоймасында балықтың қырылу оқиғасы анықталған. Су қоймасы аталған тұлғаның қарамағына берілген", – делінген баспасөз қызметінің ақпаратында.

Табиғатты қорғау инспекторлары, экологтар, ветеринарлық қызмет және табиғатты қорғау прокуратурасынан құрылған  жедел топ оқиға орнына аттанды.

Су қоймасының солтүстік-батыс жағынан жалпы салмағы 83 келі болатын алабұғаның өлі шабақтары табылған.

Судың сынамасы мен өлі балық Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаментінің зертханасына және  "Республикалық ветеринарлық зертханасының" Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының зертханасына жөнелтілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу