ЭКСПО-да таңдап алынған фин технологиясымен қоқыс өңдеу зауыты салынады

1127

ЭКСПО-да таңдап алынған фин технологиясымен қоқыс өңдеу зауыты салынады

Қарағанды облысы үшін ЭКСПО-да ұсынылған технологиялар ішінен 31 жоба таңдап алынды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
"ЭКСПО-да ортаға салынған технологиялардың ішінен Қарағанды обысында 31 жоба әрі қарай зерттеп, енгізу үшін іріктеп алынды. Мысалы, Қарағанды үшін біз қоқысты өңдеудің оңтайлы технологиясын іздестірген болатынбыз. Барлық ұсынылған жобалардың ішінен фин ғалымдарының жобасын таңдадық. Ол қоқысты қалдықсыз өңдеуді қарастырады. Қазір қалалық коммуналдық қызмет осы технология негізіндегі қоқыс өңдеу зауытының салу мүмкіндігін қарастырып жатыр", - деді облыс әкімі.

Кейбір жобаларға аймақтың ауыл шаруашылығы мамандары қызығушылық танытқан екен. Екі өсімдік өсіру шаруашылығы жаңа су үнемдеу технологиясын енгізуді көздеп отыр. 
Облыста сонымен қатар қайта жаңартылмалы энергетика дамып келеді. "Бүгінгі күннің өзінде облыста жаңартылмалы энергия көздері жылына 4,6 млн кВт/сағ қуат береді. Көп емес әрине, алайда бұл жаңа ауқымды бағыттың тек бастамасы ғана. 2020-шы жылға қарай біз тағы 6 жаңа жасыл энергетика нысандарын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бұл энергия көздерінің жалпы қуаттылығы 261 МВт құрайтын болады", - деді Ерлан Қошанов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу