Экстремизм үшін сотталғандар көбейді

1025

Экстремизм үшін сотталғандар көбейді

Орталық Азиядағы "Халықаралық түрме реформасы" ұйымының зерттеуінше, Қазақстанда терроризм және экстремизм үшін сотталғандар саны өсіп барады, деп хабарлайды zhasalash.kz. 
2014 жылы экстремизм мен терроризмге қатысты баптар бойынша Қазақстанда 154 адам сотталса, 2016 жылы бұл көрсеткіш 554-ке жеткен. Олардың 327-сі "экстремистік" сипаттағы қылмыс жасаған. Ішкі істер органдары қызметі жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Марат Қоғамов экстремистердің басым бөлігі жұмыссыздар екенін айтты. Олардың арасында шенеуніктер, өнер қайраткерлері, кәсіпкерлер атымен жоқ. "Бұл дегеніңіз – мемлекеттің әлеуметтік саясатын дамыту қажет екенін білдіреді", – деді ол.

Ұйымның зерттеуінде 200 жазасын өтеуші мен солармен жұмыс істегендердің пікірлері ескерілген. Ұйымның аймақтық директоры Азамат Шамбиловтың айтуынша, қазіргі таңда Қазақстан түрмелерінде 3,5 мыңнан астам дін ұстанушы бар, олардың 763-і салафизм өкілдері, 90-нан астам адам радикалдық ұстанымын жасырмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу