Елбасы Қазақстан халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады

713

Осынау жарқын мерекеде әрбір шаңыраққа бақыт, бейбіт өмір мен береке-бірлік тіледі.

Елбасы Қазақстан халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев барша жұртты Құрбан айт мерекесімен құттықтайды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Елбасы өз құттықтауында исламның жақсылықтың, жасампаздық пен үйлесімдіктің діні екенін, ал Құрбан айттың күллі мұсылман қауымын бейбітшілік пен татулыққа, өзара түсіністікке шақыратын қасиетті мейрам екенін атап өтеді.

"Құрбан айт алуан түрлі конфессиялар мен этнос өкілдері тұратын Қазақстанда азаматтардың бойына ізгілік нәрін сеуіп, олардың ұстанатын діні мен ұлтына қарамастан, бір-бірін қадірлей білуге зор ықпал етеді. Сондай-ақ, рухани тұтастығымызды нығайтып, бірлігімізді бекіте түседі. Осынау жарқын мерекеде әрбір шаңыраққа бақыт, бейбіт өмір мен береке-бірлік тілеймін!", - делінген құттықтау сөзінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу