Елбасы Құрық портының мультимодальды хабын таныстыру рәсіміне қатысты

820

Бұл жобаның тек Қазақстан үшін ғана емес, сондай-ақ бүкіл Еуразия құрлығы үшін маңызы зор.

Елбасы Құрық портының мультимодальды хабын таныстыру рәсіміне қатысты

Елбасы мультимодальды хабтың Бесінші Каспий саммитінің қарсаңында іске қосылуының символдық мәніне тоқталып, бұл жобаның тек Қазақстан үшін ғана емес, сондай-ақ бүкіл Еуразия құрлығы үшін маңызы зор екенін айтты, деп хабарайлды "Ақорда".

Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің көлік-транзит әлеуетін дамытудың маңыздылығына назар аударып, оның Еуразиялық құрлықаралық көлік жүйесіне қосылуы мемлекетіміз үшін стратегиялық міндет болып саналатынын атап өтті.

"Соңғы жылдары 2,5 мың шақырымнан астам темір жол салынып, 12 мың шақырым автомобиль жолы қайта жөнделді. Логистикалық инфрақұрылым дамып келеді. Жүк тасымалдайтын вагондар жаңартылуда. "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" автомобиль транзиттік дәлізі іске қосылды. Ақтау порты жаңартылды. Қытаймен шекарада Қорғас құрғақ порты құрылды", – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы соңғы он жылда Қазақстанның көлік-логистика жүйесін дамыту үшін тартылған инвестиция көлемі 30 миллиард долларға жеткенін және Құрық мультимодальды кешені осы ауқымды жұмыстың маңызды бөлігі болып саналатынын айтты.

"Бүгін іске қосылған Құрық портының автожол инфрақұрылымы көлік транзитін дамыту үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Құрық арқылы өтетін Транскаспий бағыты Қытайдан, Орталық Азия елдері – Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, сондай-ақ Ресейдің Орал-Сібір өңірлерінен Түркия мен Еуропаға және кері қарай жүк тасымалдаудың тиімді логистикасын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, 2020 жылға қарай Қазақстанның транзиттік тасымалдан түсетін кірісін жылына 5 миллиард долларға арттыруға мүмкіндік береді", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу