banner

Елбасы қытайлық бизнес капитандарымен кездесу өткізуде

784

Елбасы қытайлық бизнес капитандарымен кездесу өткізуде

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға мемлекеттік сапары аясында қытайлық бизнес капитандарымен кездесу өткізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қытай Халық Республикасы Қазақстан үшін аса маңызды стратегиялық серіктес саналады. Біздің елдеріміз арасындағы қарым-қатынас достыққа, өзара сенімге негізделген. Қытай біздің сауда-саттығымыз бен өзара инвестициямызда  маңызда орынға ие", - деді елбасы.

Қазақстан президенті бүгінде Қазақстанда қытайлық компаниялардың қатысуымен экономиканың мұнай-газ, химия, тамақ өнеркәсібі, машина жасау, жеңіл өнеркәсіп сынды түрлі салаларында 1200-ден астам кәсіпорын, сонымен қатар қытайлық ірі үш банк табысты жұмыс істеп жатқанын айтты.

"Бүгін маған баян еткендей, іскерлік кеңестің отырысы өтті. Оның жұмысына екі тараптан 300-ден астам бизнес өкілдері қатысты. 13 млрд доллардан астам сомаға  шамамен 40 құжатқа қол қойылды", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу