Елбасы Ресей мен Өзбекстан президенттерімен Сарыағашта бас қосты

1274

Елбасы Ресей мен Өзбекстан президенттерімен Сарыағашта бас қосты

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен және Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшылары бейресми кездесу барысында елдер арасындағы, соның ішінде сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар, басқосуда Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Өзбекстан Республикасының ТМД және басқа да халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ, тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі негізгі аспектілер жөнінде пікір алмасты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу