Елбасы жұмыс сапарымен СҚО-ға барады

676

Елбасы Ильичевка ауылындағы "Тайынша май" зауытының жұмысымен танысады.

Елбасы жұмыс сапарымен СҚО-ға барады

Мемлекет басшысы іссапарында астық дақылдарының егістігін аралайтыны белгілі, деп хабарлайды 24.kz.

Елбасы Петропавлдан 200 шақырым жерде орналасқан  Ильичевка ауылындағы май дақылдарын өңдеп, өсімдік және рапс майын өндіретін "Тайынша май" зауытының жұмысымен танысады.

Кәсіпорын тек экспортқа өнім шығарумен айналысады. Осы арада, қазақстандық майдың тек табиғи екенін атап кету керек. Кәсіпорын жұмысы өте маңызды. Мәселен, зауыт өсімдік және рапсмайын жергілікті өндірушілерден сатып алады, өнімді өткізу нарығы бар,яғни  сұраныс бар деген сөз, ал бұл ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтиды.

Егер елдегі ауқымы бойынша айтатын болсақ, онда биыл елімізде 1 млн гектар алқапқа майлы дақыл егілген. Бұл жалпы өнімді 60млрд теңгеге арттыруға мүмкіндік береді. Қазақстандағы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемінің 12 пайызы Солтүстік Қазақстанға тиесілі.

Сапар барысында президент шаруа қожалықтарының басшылары мен механизаторларымен кездеседі деп жоспарланып отыр.

Жалпы облыс ілгері дамып келеді. Оған тартылған инвестициялар көлемі дәлел. Жарты жыл ішінде облысқа 75 млрд теңгеден астам қаржы тартылған,5 ірі инвестжоба іске асады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу