Елбасыға Алматының голографикалық макеті 3D-проекция түрінде таныстырылды

1199

 3D-проекция имитациялауға және мегаполистегі түрлі үдерістерді модельдеуге мүмкіндік береді.

Елбасыға Алматының голографикалық макеті 3D-проекция түрінде таныстырылды

Қазақстан президенті "Алматы Бас жоспары" ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы қаланы тиімді басқаруға арналған ауқымды мәліметтер (Big Data) платформасын қызметі қамтитын ахуалдық орталықтың жұмысымен танысты. Қаланың 10 жүйесі мен республикалық жүйенің бірігуі шаһардағы автотрафик, қоғамдық көліктегі жүргіншілер ағынының күнделікті көлемі, мектептер мен балабақшалардың жүктемесі, қылмыстық ахуал жөніндегі мәліметтерді талдауға, сондай-ақ бюджеттің орындалуына мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевқа Алматының голографикалық макеті үлкейтуге, имитациялауға және мегаполистегі түрлі үдерістерді модельдеуге мүмкіндігі бар 3D-проекция түрінде таныстырылды.

Қазақстан президенті "Алматы Бас жоспары" ғылыми-зерттеу институтын аралап көрген соң Алматы қаласын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу