Электронды арналар арқылы 125 мыңнан астам қызмет көрсетілді

619

Ақтөбе облысы бойынша зейнетақы активтерінің көлемі 20,8 млрд теңгені құрады.

Электронды арналар арқылы 125 мыңнан астам қызмет көрсетілді

Ақтөбе облысы бойынша зейнетақы активтерінің көлемі 20,8 млрд теңгені құрады. Бұл туралы "БЖЗҚ" АҚ Ақтөбе облыстық филиалының директоры Жанара Шайхимова айтты, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ақтөбе облысы бойынша зейнетақы активтерінің көлемі 20,8 млрд теңгені құрайды, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары есебінен – 19,6 млрд теңге, міндетті кәсіби зейнетақылар жарналары есебінен – 1,2 млрд теңге. Ақтөбе облыстық филиалының операциялық бөлімшелері электронды арналар арқылы 125 мыңнан астам қызмет көрсетті, зейнеттік қызметтерді түсіндіру бойынша 780 кездесулер, сондай-ақ, жеке және корпоративтік зейнетақы калькуляторларының үлгілерін қолдана отырып, зейнеткерлікті жоспарлау мәселелері бойынша 4349 дербес консультациялар өткізілді.

 "Жаңа "Жеке зейнеткерлік шот ашу туралы өтініш көшірмесін алу" электронды қызметі іске қосылды, сол сияқты "Ерікті зейнеткерлік жарналар есебінен өз пайдасына шарт жасау" сервисі әзірленді, ол ендігі жұмыс істеп тұр. Мамырда Telegram-бот іске қосылды, оның көмегімен пайдаланушылар шағын көшірмені ала алады немесе көшірмені электронды поштаға жібере алады, Жеке кабинет құпия сөзін қалпына келтіреді, қордың ағымдағы көрсеткіштерімен және өзекті жаңалықтармен таныса алады, сондай-ақ, оның жақын жердегі бөлімшесін таба алады. Салымшылармен және алушылармен өзара байланыс арнасын кеңейту мақсатында есепті мерзім ішінде Қазақстандағы да, шетелдердегі де адамдардың зейнеткерлікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша консультация алуына мүмкіндік беретін қашықтан WhatsApp арнасын енгізу жөнінде жұмыстар жүргізілді. Жаңа арна шілдеде іске қосылды", - деп хабарлады Жанара Шайхимова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу