Электронды көлік картасын киви терминалмен толтыруға болады

702

Электронды көлік картасын киви терминалмен толтыруға болады

Бас шаһарда 1 шілдеден бастап қоғамдық көліктерде жолақысын төлеу үшін пайдаланатын электронды көлік картасын киви терминал арқылы комиссиясыз толтыруға болады. Сонымен бірге жол жүру картасын автобус жүргізушісінен сатып алуға рұқсат беріледі.

"Астана ЛРТ" ЖШС директоры Бекмырза Игенбердиновтың айтуынша, 1 шілдеден бастап жолаушылар көлік карталарын киви терминалдары арқылы қосымша төлемсіз толтыра алады.

"Бүгінгі күні киви және каспий терминалдары 15 банкпен интеграцияланған. Біздің жоспарымызда сараланған тариф енгізілгенге дейін бұл қызметтерді кең ауқымда іске қосу көзделген. Көлік картасы бекітілді, енді бірқатар мәселені 1 шілдеге дейін шешеміз", – деді ол.

Оның айтуынша, бүгінде картаны терминалдар арқылы толтыру мәселесі тестік режимде жұмыс істей бастады.

"Бұл мәселені 27 маусымға дейін аяқтау көзделіп отыр. Сонымен бірге көлік картасын автобустың ішінде жүргізушіден сатып алуға болады. Бұл қызмет те 1 шілдеден бастап іске қосылады", – деді Бекмырза Игенбердинов.

Естеріңізге сала кетейік, "Астана ЛРТ" компаниясы сараланған тариф енгізуді жоспарлап отыр. Аталмыш тариф енгізілгенде қоғамдық көлікте жүру жолақысы картамен төлем жасайтындар үшін құны бұрынғыша 90 теңге болып қалады. Ал қолма-қол төлем жасаушылар үшін 180 теңге болады деп жоспарланған. Бір сағат ішінде басқа автобустарға қайта міну тегін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу