Елімізде "туристік полиция" құрылуы мүмкін

946

  Ішкі істер министрлігі осындай ұсыныс тастап отыр.

Елімізде "туристік полиция" құрылуы мүмкін

Қазақстанда "туристік полиция" құрылуы мүмкін. Ұсынысты еліміздің ішкі істер министрлігі тастап отыр, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.

"Олар туристермен тікелей жұмыс істейді. Бұл тұрғыда өзге де тиісті қызметтер ескерілмек. Қазіргі таңда халықаралық тәжірибені зерделеу үстіндеміз", – дейді ҚР ІІМ көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Мұрат Қабденов.

Жалпы туристерге қатысты құқыққорғау органдары қызметкерлерінің әдебі мен мәдениеті бойынша сыни пікірлердің жиі көтеріліп жүрген белгілі. Мұрат Қабденов бұл пікірді жоққа шығармаса да, жаппай сипатқа ие емес екендігін атап өтті.

"Негізінен қызметкерлердің іс-әрекетіне қатысты теріс пікірлерге қарағанда, оң көзқарастың үлесі басым", – деді Мұрат Қабденов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу