Елімізде 215 шетелдік телеарнаның өкілдігі ашылды

529

Ал 88 арнаның жұмысы Қазақстан аумағында тоқтатылды.

Елімізде 215 шетелдік  телеарнаның өкілдігі ашылды

Елімізде шетелдік 215 телеарнаның өкілдігі ашылды. Бұл туралы бүгін үкіметте ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

Оның айтуынша, осы жаңашылдықтың арқасында бұл компаниялармен арнаның бағдарламасы және жарнама жөнінде тікелей келіссөз жүргізуге болады. Ал 88 арнаның жұмысы Қазақстан аумағында тоқтатылды.

Министрдің хабарлауынша, бұл телекомпаниялар қалаған кезде Қазақстанда өз өкілдіктерін ашып, әрі қарай бірлесіп табысты жұмыс жүргізуге барлық мүмкіндік бар.

"Бұрын шетелдік телеарналар болған жоқ, олар тек бізде көрсетті. Келіссөздерімізге қатысқан да жоқ. Сондықтан да олар 215 телеарнаның өкілі ашылып, бірге жұмыс істеуді бастаймыз",- дейді Дәурен Абаев.

Сондай-ақ бүгінгі кездесуде министр 5G және дата-орталықтар сынды жобалардың жүзеге асуы жайында баяндады. Оның айтуынша, келер жылы Мысырда өтетін дүниежүзілік радио байланысы конференциясында халықаралық электр байланысы одағымен 5G стандартын қабылдауға тиіс. Содан кейін біздің елде де осы жаңашылдықты енгізуге болады. Ең алдымен жаңа жүйе Астана, Алматы қалаларында және Алматы мен Ақмола облыстарында тестілеуден өтеді. Кейін халық саны 50 адамнан астам елді мекендердің өзі де 5G интернетпен қамтамасыз етіледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу