banner

Ең көп сатылған автобрендтердің бестігі белгілі болды

736

"ҚазАвтоӨнеркәсіп" Қазақстан автомобиль саласының кәсіпорындар одағы 2018 жылдың 9 айындағы республика автоөндірушілерінің жұмыс нәтижелері туралы есебін жариялады.

Ең көп сатылған автобрендтердің бестігі белгілі болды

Биылғы жылдың үш тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанда құрастырылған жеңіл автомобильдердің ең көп талап етілген брендтерінің бестігін Lada (9 414 бірл) бастап тұр, деп хабарайды "КазАвтоӨнеркәсіп" ҚАСКО" ЗТБ-ның баспасөз қызметі.

Одан кейінгі орында Hyundai 5 494 бірлік сатылыммен тұрса, келесі кезекте KIA (1 658 бірл) сұраныста болып шықты.

Ал JAC маркалы 978 бірлік, Chevrolet маркалы 715 бірлік автокөлік сатылған. Отандық кәсіпорындар ұсынатын маркалардың тізіміне сондай-ақ Ravon (552 бірл), Skoda (512 бірл), Peugeot (132 бірл) және SsangYong (14 бірл) кірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу