banner

Еліміздегі автоөнеркәсіп саласына ірі инвестор келді

1064

Бірлескен кәсіпорынды дамыту аясында серіктестер саладағы өндіріс көлемін 100 000 дана автомобильге және жергіліктендіру деңгейін 50%-ға дейін жеткізуді көздеп отыр.

Еліміздегі автоөнеркәсіп саласына ірі инвестор келді

2018 жылы 11 желтоқсанда Астанада бірінші вице-премьер Асқар Мамин аса ірі қазақстандық автоөндіруші "СарыарқаАвтоӨнеркәсіп" ЖШС-нің Genertec құрамына кіретін автомобильдер импорты және экспорты бойынша қытайдың СМС (China National Machinery IMP. & EXP. CORP) трансұлттық мемлекеттік компаниясының капиталына кіруі туралы (акциялардың 51%) келіссөздер жүргізіп, инвестициялық келісімге қол қоюға қатысты, деп хабарлайды primeminister.kz.

Асқар Мамин мұның отандық автомобиль жасау саласы үшін стратегиялық жоба екенін атап өтті, бұл саланың даму қарқыны артып, сыртқы нарықтарға шығу үшін экспорттық әлеуеті ұлғаятын болады. Жоба "Жібек жолының экономикалық белдеуі" бағдарламасының маңызды бөлігі болып табылады және индустрияландыру мен инвестициялардағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының тізіміне енеді.

Genertec (China General Technology Group) — қытайдың мемлекеттік конгломераты, машинажасау, фармацевтика, инженерлік мердігерлік, құрылыс және жылжымайтын мүлік, сондай-ақ техникалық консалтинг салаларын қамтиды. Компанияның жылдық айналымы — $31 млрд. Экспорттық инвестициялық қоржыны — $180 млрд.

Бірлескен кәсіпорынды дамыту аясында серіктестер саладағы өндіріс көлемін 100 000 дана автомобильге және жергіліктендіру деңгейін 50%-ға дейін жеткізуді көздеп отыр. Қостанай қаласында автомобиль құрастыру өндірісін дамыту автомобиль өндірісінде жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

Genertec басқарма төрағасы Лу Йимин келіссөздер барысында бірлескен жоба аясында өндірісті жергіліктендіру барынша ұлғайтылып, брендтер қоржыны арттырылып, жаңа технологиялар енгізілетінін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу