Еліміздің әскери қызметшілері құзға өрмелеуден әлем чемпионатында топ жарды

716

Еліміздің әскери қызметшілері құзға өрмелеуден әлем чемпионатында топ жарды

Мәскеуде әскери спорттың халықаралық кеңесі шеңберінде әскери қызметшілер арасында алғашқы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Сайыс шеңберінде наградалардың барлығы 18 жиынтығы ойнатылды. Қазақстан Қарулы Күштерінің құрамасы құрамында АОСК-ның спортшылары кіші сержанттар Артем мен Никита Девятериковтар, қатардағы жауынгерлер Роман Костюков  пен Әмір Маймұратов, сондай-ақ Маргарита Агамбаева өнер көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша армияшылар Қазақстан Қарулы Күштерінің құрамасына 2 күміс және 2 қола медаль әкелді және турнирде жалпы командалық есепте 3-орынды еншіледі.

"Осы уақыт аралығында, осы күндері мен чемпионатты жіті және үлкен қызығушылықпен бақыладым, оның барлық қатысушыларына тәнті болғанымды айтқым келеді. Құзға өрмелеу әскери дайындықпен тікелей байланысты талап қоятын пән болып табылады. Онда спортшылар діттеген мақсаттарына қол жеткізу үшін физикалық және моральдық-психологиялық қасиеттерін дамытулары тиіс", - деді сайыстың ресми өкілі подполковник Вальтер Боргино (Италия).

Биылғы жылы 70 жыл болған әскери спорттың халықаралық кеңесі Халықаралық Олимпиада комитеті мен Халықаралық спорт федерациясы университеттерінен кейін әлемдегі ірі спорттық ұйым саналады, 138 мемлекетті қамтиды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу