Еліміздің Өзбекстандағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен шеттетілді

983

Ерік Өтембаев бұл қызметті 2016 жылдың сәуір айынан бастап атқарып келген.

Еліміздің Өзбекстандағы  төтенше және өкілетті елшісі қызметінен шеттетілді Фото: nur.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстанның Бельгия корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі Айгүл Сайфоллақызы Құспан Қазақстанның Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстанның өкілдігінің басшысы қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Қайрат Қуатұлы Әбусейітов Қазақстанның Норвегия корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды

Ал Ерік Мылтықбайұлы Өтембаев еліміздің Өзбекстандағы төтенше және өкілетті елшісінің лауазымдық өкілеттіктерін атқарудан уақытша шеттетілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу